Блог ережелері

Осы ережемен Шығыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы басшысының ресми блогінің жұмыс реті анықталады (ары қарай — блог) ru.vkofin.blog.vko.gov.kz

Блог «виртуалды қабылдау» қатар жүретін басшының ғаламтор қолданушыларымен ортақ  интерактивті қарым-қатынас жасаудың баламасы болып табылады.   

Блог қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Блок келесі электрондық  мекен-жай  бойынша орналасқан: ru.vkofin.blog.vko.gov.kz.

Блогта хабарлама қалдыру үшін тіркелу қажет. Тіркелу кезіндегі ұсынылған ақпараттар қазақстандық жеке мәліметтер заңының талабын сақтай отырып өңделеді.  Басқа қолданушылар сіздің атыңызды, тегіңіз бен ник атауыңызды ғана көретін болады. (желілік есім— лақап ат, ғаламторда ортақ байланыста қолданылады (чатта, форумда, блогта).

Егер анкетада балағат сөздер қолданылатын болса тіркеуден бас тартылады . Жеке мәліметтерге енгізілген өзгерістер модератордың тексеруінен кейін ғана  қабылданады.

Автоматты түрде тіркеу жүргізілмейді.

Басқа ұйымдардың блоктары бөлімдерінен алынған ақпаратқа міндетті түрде сілтеме жасалуы қажет.

Бір түсініктеменің жазбалық көлемі екі мың белгіден аспауы қажет. Түсініктемелік  түрде берілген азаматтардың жолданымдары  блокқа шығарылмайды.

Түсініктеме тексерістен өткеннен кейін модератор рұқсат бергеннен кейін жарияланады.

Түсініктеме жарияланбайды, егер:

— мемлекеттік құпиялар немесе басқа заңмен қорғалатын мәліметтер болса;

— наркотикалық құралдарды, жүйке-жүйкеге әсер ететін заттарды насихаттайтын, ішімдік, темекі бұйымдарын жарнамалайтын, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық ақпараттарға ие болса;

— талдауға қатысушылардың , нақты тұлғалар немесе ұйымдардың мекен-жайына қатысты зәбір-көрсетушілік болса;

— үшінші тұлғаның жеке ақпаратын оның рұқсатынсыз жарияласа;

— коммерциялық мақсатты көздесе, жарнамалық  ақпаратқа ие болса;

— құқықтық нормалардың кез-келген түрін бұзса;

— балағат сөздер қолданса(балағат сөздері бар хабарламалар автоматты түрде жойылады);

– дерексізденген сипаттамасы бар ақпарат болса;

– ой аяқталмаған болса;

– мағынасы түсініксіз мәтін түріндегі хабарламалар;

-мәтін тұтастай немесе бас әріптермен терілсе;

-мәтін сөйлемдерге бөлінбесе.

Блог ережесін бұзған қолданушылар бірден бұғатталады.

Хабарламаның жалпы ойын және түсініктемелік логикасын сақтай отырып, модератор  түзей алады.

Түсініктеме басқа тақырыптық бөлімге орналастырылуы мүмкін.

Түсініктемеде басқа да желілік ресурстарға, құжаттарға, суреттерге, видеофайлдарға сілтеме жасамауларыңызды сұраймыз, қарсы жағдайда сілтеме модератор арқылы жойылатын болады.

Сауатты жазуларыңызды сұраймыз. Тілге деген құрметі жоқ түсініктелер мазмұнына қарамастан бұғатталады.

Барлық құқықтар қорғалған.

Шығыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы басшысының ресми блогінен толықтай және жартылай ақпаратты қолдану http://ru.vkofin.blog.vko.gov.kz блок иесінің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.