14 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінде тәлімгерлік мәселелері жөнінде мәжіліс өтті. Департменттегі тәлімгерлік бойынша жұмыс жоғарғы деңгейде және мәжілістің басты мақсаты мемлекеттік органдар арасындағы тәжірбие алмасу болып табылады.

Мәжіліс барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Т. Қ. Жұмағұловтың тәлімгерлік мәселелері жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңес құрамына Қазынашылық департаментінің бастығы М. Төлегенұлы мен Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Ж.Қ. Абеновты енгізу туралы бұйрығы жарияланды.